09:58, 02 Мамыр 2017 | GMT +5
Жапонияда жанартаудан атылған күлдің биіктігі 4 мың метрге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапон билігі сейсенбі күні Сакурадзим жанартауына барар жолды жапты. Себебі одан атылған күл 4 мың метр биіктікке жеткен. Ал жанартау ауызынан атылған тастар 400 метр қашықтыққа дейін ұшқан, деп хабарлады ТАСС.
Сакурадзима 28 сәуірде оянды, одан шыққан түтін шамамен 3,8 мың метрге жетті. Бұл жапониядағы ең қауіпті жанартаулардың бірі саналады. Ол өзіне жақын орналасқан ірі Кагосима қаласына қиындық тудырып келеді.
Жапонияда 110-ға жуық белсенді жанартау бар. Өткен жылы қазанда Кюсю аралында орналасқан Асо жанартауы атқылаған.