03:40, 17 Тамыз 2021 | GMT +5
Жапонияда жанартаудың атқылауынан кейін жаңа арал пайда болды
ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – Жапонияда су асты жанартауының атқылауынан кейін жаңа арал пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияның жағалау күзетінің мәліметінше, жаңа арал С-тәрізді, диаметрі шамамен 1 километр. Ол жұма күні Ивотодан оңтүстікке қарай шамамен 50 шақырым жерде Тынық мұхитындағы Огасавара аралдарында жанартаудың атқылауы басталғаннан кейін табылған.
Жапондық метеорологиялық агенттік белсенді атқылаудың жалғасуы мүмкін екендігін, жақын маңдағы суларға күлдің үлкен шөгінділері түсетіндігін ескертті.
Жаңа аралдар 1904, 1914 және 1986 жылдары да табылған және олардың барлығы толқындар мен ағындардың әсерінен эрозияға байланысты су астында қалды.