Жапонияда жасанды интеллект көмегімен жасалған манга жарыққа шықты

Жапонияның Kyodo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, атақты жапон манга суретшісі Осаму Тезуканың жасанды интеллект технологиясының көмегімен жасалған жаңа туындысы «Қара Жек» Жапонияда 20 қараша күні ресми жарияланды.

манга
Фото: kyodonews.net

Қара Жек» — Тезуканың туындысы, ол лицензиясыз медицинамен айналысатын данышпан хирург туралы баяндайды.

Бұл шығарманың үздіксіз шығып жатқанына 50 жыл болды.

Бұл жолы жарық көрген «Машинаның жүрегі — Heartbert Mark 2» деп аталатын жаңа хикая 32 беттен тұрады. Осы шығарылым туындының 50 жылдығына арналған.

Жаңа хикаяның негізгі мазмұны — адам мен AI технологиясының үйлесімін зерттеу және «адам дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздеу. 

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әңгіменің негізгі құрылымы Тезука Осамудың көзі тірісінде жазған мазмұнына негізделген, сосын AI тілінің соңғы үлгісі «GPT4» осы құрылым негізінде егжей-тегжейлі сюжет жасаған және суреттердің сызба жұмысын AI дербес орындаған.

Жаңа әңгіменің атауын да AI өз бетінше белгілеген.

Осаму Тезуканың үлкен ұлы, осы жобаға жауапты режиссер Макото Тезука AI жасаған жаңа туындыға үлкен ризашылығын білдірді. 

«AI оқиғаны жасаған кезде Тезука шығармаларының негізгі тақырыбы — биологиялық өмірдің қадір-қасиетін оқиғаға өте керемет келтіріпті. AI шынымен Осаму Тезука стилімен манга жасағанына өте қуаныштымын», - деді Макото Тезука.

Осаму Тезука (жапон. 手塚 治虫 Tezuka Osamu, 3 қараша 1928 ж., Тойонака — 9 ақпан 1989, Токио) — жапон мангашы, аниматор, медицина ғылымдарының кандидаты.

Осаму Тезука манга мен анименің дамуына зор үлес қосты.

Өзінің мансабында 500-ге жуық манга жасады, ол үшін көптеген сыйлықтар мен марапатқа ие болды.

Тезуканы оқырмандар «манга құдайы» деп атайды, өйткені оның жұмысы Жапонияда сәйкес стиль трендтерін танымал етті.  

манга
Фото: Kyodo видеосынан алынған кадр