Жапонияда жасы 100-ден асқан тұрғындардың рекордтық саны тіркелді
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Жапонияда жасы 100-ден асқан тұрғындардың рекордтық саны тіркелді, бұл көрсеткіш - 40,5 мыңдай адамды құрап отыр.
Олардың басым көпшілігі - әйелдер. Бұл туралы Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің бүгін таратқан баяндамасында айтылып отыр, деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.
Жапонияда жасы 100-ден асқан тұрғындардың саны осымен 39 жыл қатарынан өсіп отыр. Ғасыр жасағандар негізінен елдің оңтүстіктегі және экономикалық тұрғыдан аз дамыған Окинава префектурасында тұрады. Бұл өңір тұрғындарының сергектігімен және жайма-жуық тіршіліктерімен аты шыққан.