Жапонияда жауған қалың қар 70-тен астам әуе рейстерінің тоқтатылуына соқтырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның орталық және солтүстік аудандарындағы қалың қар 70-тен астам әуе рейстерінің тоқтатылуына әкеп соқтырды.

 Жапонияда жауған қалың қар 70-тен астам әуе рейстерінің тоқтатылуына соқтырды

NHK телеарнасының мәліметіне сүйенсек, Japan Airlines (JAL) және All Nippon Airways (ANA) ірі жапондық әуе компаниялары 56 рейсті, ал лоукостер-компаниялар 17 рейсті тоқтатты.

Пойыз қозғалыстарында да кешігулер байқалуда. Әсіресе, "синкансен" жүрдек пойыздарының кейбір бағыттарындағы кешігулер бір сағатқа дейін жетті.