Жапонияда жер сілкінісі болды
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Жұма күні, яғни бүгін таңертең ерте Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Утро.ру.
Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, 6 балдық жер сілкінісі салдарынан Фукусима префектурасында бір адам зардап шекті. Қираған ғимараттар, соның ішінде апатты жағдайда тұрған "Фукусима-Дайичи" АЭС-да қирандылар болды деген ақпарат жоқ. Цунами қауіпі жарияланбаған.