Жапонияда жер сілкінісі кезінде үйінділердің астында қалған нәресте құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Кумамото қаласында қуатты жер сілкінісінен кейін үйінділердің астында қалған нәрестені құтқарудың сәті түсті, деп хабарлайды Nippon Television Network телеарнасы.

Жапонияда жер сілкінісі кезінде үйінділердің астында қалған нәресте құтқарылды

Құтқарушыларға қираған үйлердің бірінің үйінділерінің астында 8 айлық бала қалғаны туралы ақпарат келіп түскен. Олар баланың жылаған дауысын естіді, соның арқасында үйінділерді тазалау бойынша жұмыс осы бағытта жүргізілді.

Жергілікті өрт сөндіру қызметінің 50 құтқарушысы сәби өмірі үшін күресті. Нәресте  құтқарылды. Құтқарушыларды оның денесінде бірде бір жарақат болмағаны таңқалдырды.