08:37, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
Жапонияда жер сілкінісінен 18 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның оңтүстік-батысында болған жер сілкінісінен 18 адам жарақаттанды. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,2 баллды құраған.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды. Жер сілкінісінің кіндігі Ішкі Жапон теңізінде Хонсю, Кюсю және Сикоку аралдарының ортасында орналасты. Зардап шегушілердің басым бөлігі сөрелердегі заттардың үстеріне түсуінен, жердің тербелуінен құлап, жарақаттанған. Апат салдарынан Хиросимадағы 8 мың үйге электр қуатын беру бірнеше сағатқа тоқтатылған. Сондай-ақ автомагистральдардағы көлік қозғалысы да шектелген.