Жапонияда жер сілкінісінен бері сегіз ай уақыт өтсе де үш мыңнан астам адамның мәйіті әлі табылған жоқ

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Жапонияда болған зілзала мен цунамиден кейін сегіз ай уақыт өтсе де 3 652 адам әлі күнге дейін із-түссіз жоғалғандар қатарында,
None
None

15 836 адам қаза тапқандар тізімінде, деп хабарлайды осы елдің Бас полиция басқармасына сілтеме жасай отырып Утро.ру агентігі.

Қыркүйек айында 62 адамның, қазан айында Мияги префектурасында 10 адамның мәйіті табылды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 наурыз күні Жапонияда 9.0 балдық жер сілкінісі болып, табиғат апаты цунамиға жалғасқан еді.

Соңғы жаңалықтар