Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 9 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның оңтүстігінде орын алған жойқын жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі. Осыған дейін 3 адам қаза тауып, 200-ден астамы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгені жөнінде хабарланған болатын.
«Қазіргі кезде қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетп отыр», - деп агенттікке табиғи апаттармен күрес қызметінің өкілдері хабарлады.
Бұған дейін хабарлағандай, бейсенбі күні кешкі уақытта Жапонияның Кюсю аралында магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі болды.