Жапонияда ЖІӨ III тоқсан бойынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес, 3,9%-ға өсті

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Жапонияның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) алдын ала мәліметтерге сәйкес 2010 жылдың III тоқсаны бойынша 2010 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда, бір жылға қайта есептегенде нақты 3,9 пайызға өскен (annualized rate). Мұндай мәліметті бүгін ел үкіметінің Экономикалық және әлеуметтік зерттеулер институты жариялады. Әр тоқсанға шаққанда ЖІӨ нақты 0,9%-ға өсіпті.

Жапонияда ЖІӨ  III тоқсан бойынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес, 3,9%-ға өсті

Сарапшылар Жапонияның 2010 жылдың III тоқсанындағы ЖІӨ-і өткен тоқсанға қатысты 0,6% -ға немесе бір жылға есептегенде на 2,5%-ға өседі деп күткен еді. Мұндай жағдайда, алынған сандар сарапшылар күткеннен өсіп кетіп отыр.

2010 жылдың шiлде-қыркүйек айларында Жапонияның ЖІӨ-і номиналды өрнекте (инфляцияға түзетусіз ) алдыңғы үш аймен салыстырғанда 0, 7%-ға төмендедi.

III тоқсанда ЖІӨ дефляторы минус 2%-ды құрап, Жапон экономикасына дефляционды қысым сақталып тұрғанын көрсетті.