Жапонияда жұмыссыздық рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА.  Тамыздың  28-і. ҚазАқпарат - Жапонияда  жұмыссыздық өршіп,  тұтыну  баға индексі құлдырауының рекордтық деңгейі тіркеліп  отыр,  деп   хабарлайды  «Азаттық»  радиосы.
None
None

Әлем бойынша экономикасы  екінші  орында  тұрған  елде   шілде айында  жұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды  құраған.  Бұл   - екінші  дүниежүзілік соғыстан  бергі кезеңдегі ең  жоғары көрсеткіш.    Оған қоса, тұтыну бағаларының индексі  өткен айда  2,2 пайызға    құлдыраған.

Экономистердің    пікірінше,  дефляция    компаниялардың   табыстарын  азайтып  және   тұтынушылардың сатып алу мүмкіндіктерін  төмендетіп,     экономиканың  өсуіне кедергі  келтіруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар