Жапонияда жұмыстан зорығып қайтыс болғандар саны жиілеп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда жұмыстан зорығып өлген қызметкерлердің саны артуда, деп жазды Gazeta.ru Reuters-ке сілтеме жасап.
Жұмыстан зорығып қаза табуға байланысты талап-арыздар саны жылына бір жарым мың адамға дейін артты.
Ұлттық қорғау кеңесінде «кароши» саны он есе азайтылып көрсетілгенін хабарлады.
«Билік симпозиум шақыртып, осы проблема туралы хабарлама жариялайды. Бастысы жұмыс сағатын азайту қажет, үкімет осы бағытта көп жұмыс жүргізуде», - деп мәлімдеді ұйым өкілі Хироши Кавахито.
Жапония еңбек министрлігі «карошидің» екі түрі бар екенін атап өтеді: зорығуға байланысты жүрек-қан тамырлары ауруы және өз-өзіне қол салу. «Карошиден» қаза тапқан қызметкердің айына 100 сағаттан көп жұмыс істегені анықталды.
Бұдан бұрын Ирвиндегі Калифорния университетінің ғалымдары жұмыс пен денсаулық арасындағы байланысты анықтаған болатын.