13:18, 08 Тамыз 2015 | GMT +5
Жапонияда жүрдек пойыз екі адамды басып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы Орталық Фукуи префектурасында жүрдек пойыз екі адамды басып кетті, оның бірі бала. NHK телеарнасы хабарлағандай, олар ес-түссіз жатыр.
Оқиға Сакаи қаласында темір жол өткелінен бірнеше жүздеген метрлік жерде орын алған. Нагоиден Канадзаваға бет алған пойыз машинисі рельс үстінде жүрген баланы байқап қалып, пойызды шұғыл тежемекші болған. Осы сәтте темір жолға жүгіріп шыққан бір адам баланы денесімен жаба құлаған. Пойыз тоқтауға үлгермей, екеуі де пойыздың астында қалды.
Қазір оқиға орнында полиция жұмыс істеуде. Осы жолдағы темір жол қозғалысы тоқтатылды.