Жапонияда зұлмат зілзаладан қаза болғандардың саны 14 мыңнан асты

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Жапонияда зұлмат зілзаладан қаза болғандардың саны 14 мыңнан асты. Бұл туралы елдің Ұлттық полиция басқармасы мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Жария етілген ресми мәліметтер бойынша, 13 мың 660 адам - із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Ең көп кісі құрбандығы Мияги, Фукусима және Ивате префектураларында тіркелген. Қазіргі уақытта ол жерлерде, сондай-ақ «Фукусима-1» атом-электр стансасының төңірегіндегі эвакуация аумағында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылардың деректері бойынша, ол жерде әлі де мыңдаған адамның денелері қалуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
Референдум