Жапониядағы апатты жер сілкінісі құрбандарының саны 15 мың адамнан асты

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Жапониядағы 11 наурызда болған апатты жер сілкінісі мен цунами құрбандарының саны 15 019 адамға дейін өсті,

Жапониядағы апатты жер сілкінісі құрбандарының саны 15 мың адамнан асты

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС елдің ұлттық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Полицияның дерегі бойынша, елдің алты префектурасындағы із-түзсіз жоғалып кеткендердің саны 9506 адамды құрады. 18 аймақта қауіпсіз жерлерге көшірілгендерге арналған 2,4 мың уақытша баспанада осы уақытқа дейін 114 мың адам қалып отыр.

Табиғат апатының салдарынан Жапонияға келген шығын, биліктің бағалауы бойынша, 25 трлн. иеннен (308 млрд доллар) асады.