Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жапониядағы аптап ыстық: 6 адам ажал құшып, 3 мыңға жуығы ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда бір апта ішінде аптап ыстықтың салдарынан үш мыңға жуық адам ауруханаға жатқызылды, оның алтауы көз жұмды.

Жапониядағы аптап ыстық: 6 адам ажал құшып, 3 мыңға жуығы ауруханаға жатқызылды

27 маусымнан 3 шілдеге дейін жедел жәрдем қызметі 2847 адамды ауруханаға әкелген. Бұл көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда үш есе көп.

Қазір Жапонияның 42 ауданында ауа температурасы 35 градустан асып кетті, кей жерлерде 38,6 градусқа дейін жеткен, деп хабарлайды РИА Новости Киодо агенттігіне сілтеме жасап.