Жапониядағы аптап ыстық салдарынан бір аптада 800 адам ауруханаға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда аптап ыстық салдарынан соңғы аптада 880-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жартысынан астамы - 65 жастан үлкен қариялар, деп жазады mk.ru.
Елдің бас өрт сөндіру басқармасы хабарлағандай, 25 сәуірден Жапонияда аптап ыстық салдарынан төрт мыңнан астам адам ауруханаға түсті. Бір адам қайтыс болды.
Метеорологтар ел аумағында биыл жаз ыстық болады деп болжап отыр.