13:16, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Жапониядағы барлық Toyota зауыттарының жұмысы қайта жанданды
АСТАНА. 18 сәуір. ҚзаАқпарат - Жапондық автоконцерн Toyota Motor қуатты жер сілкінісінен кейін тоқтатылған Жапониядағы барлық зауыттарды қайта іске қосты,
деп хабарлайды РБК Associated Press сілтеме жасай отырып.
Еске салсақ, Toyota қуатты жер сілкінісі мен цунамиден кейін 18 зауыттың 16-да жұмысын тоқтатқан болатын. 2011 жылдың 11 наурызынан бері компания конвейерден 200 мың көлікті қосалқы бөліктердің жетіспеуінен шығара алмады.
Toyotaдан кейінгі Жапониядағы екінші көлік өндіруші болып саналатын Honda Motor Co. елдегі барлық зауыттардағы өндірісті 2011 жылдың 11 сәуірінде қайта іске қосқан болатын.
Өз кезегінде, Жапониядағы үшінші аатоконцерні Nissan Motor Co қалыпты өндіріс көлеміне биылғы жылдың сәуір айының ортасында жетуге ниеттеніп отыр.