Жапониядағы цунами мен жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артып келеді
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Жапонияның солтүстік-шығысында 11 наурызда болған жойқын жер сілкінісі мен оның салдарынан туындаған цунами кезінде қаза тапқандар саны 13 мың 538 адамды құрады.
Сонымен қатар 14 мың 589 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында қалып отыр, деп жазады Жапонияның полиция басқармасына сілтеме жасаған Би-Би-Си.
11 наурыз күні Жапонияда 9,0 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі салдарынан биіктігі он метрден асатын цунами пайда болды.