Жапониядағы көшкін құрбандарының саны 10-ға жетті

ТОКИО. Киодо-ҚазАқпарат - Жапонияның орталық бөлігіндегі Атами қаласында 4 шілдеде болған көшкін салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Жапониядағы көшкін құрбандарының саны 10-ға жетті

Бұған дейін тоғыз адамның опат болғаны туралы мәлім етілген еді.

Құтқарушылар екі апта бойы көшкін орнындағы үйінділерді тазалауды жалғастыруда. 18 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

37 мың халқы бар Атамидегі көшкін 4 шілдеде таңертең басталды. Оның ұзындығы шамамен 2 км, 130-дан астам үй мен ғимарат зақымданған. Көшкін Жапонияның орталық және шығыс аймақтарында бірнеше күнге созылған нөсер жаңбырдың салдарынан болды. Екі күнде кей жерлерде жауын-шашын мөлшері 400-ден 600 мм-ге дейін түсті.