Жапониядағы Кумамото қаласында балалар жаппай уланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Кумамото префектурасында зардап шеккен 30-дан астам баладан улану белгілері анықталды.

Жапониядағы  Кумамото  қаласында балалар жаппай уланды

Кумамото қаласы әкімшілігінің өкілдеріне сілтеме жасап, Киодо агенттігі хабарлағандай, алғашқы шағым 9 мамырда түсе бастаған. Балалардың іші ауырып, диарея байқалған. Қазір 34 баланың уланғаны анықталды. Көпшілігі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер "Джото" муниципалдық мектептің оқушылары.

Улануға себеп сапасыз »онигири» күріш шаригі болуы мүмкін. Өнім 6 мамырда жергілікті компаниялардың бірінде шығарылған, деп хабарлайды РИА Новости.