Жапониядағы «Мелор» тайфунынан үш адам мерт болды

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Жапонияның түрлі аудандарында «Мелор» тайфуны кезінде үш адам қаза тапты, 21 мыңнан астам адам көшірілді,

Жапониядағы «Мелор» тайфунынан үш адам мерт болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Жылдамдығы сағатына 139 шақырымға жететін күшті желдің, нөсер жауынның әсерінен ішкі және халықаралық авиарейстер мен жерүсті көлігінің қозғалыстары тоқтатылды. Көлік қатынасының доғарылуына байланысты Токиоға іргелес аумақтардағы 2,5 миллионнан астам тұрғындар жұмыстарына жете алмады.

Жапония астанасының кейбір көшелерін тасқын сулар басып қалды. Токионың оңтүстік-батысындағы жағалаудың толқыны 9 метрге жетті.