Жапониядағы өрт күре жолдағы қозғалысты тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өрт бейсенбі күні Жапонияның орталығындағы Сидзуока префектурасының құрылыс аумағында болды, деп хабарлайды Kyodo агенттігі.
None
None

Өрт ел астанасын Нагоя қаласымен жалғайтын «Томей» күре жолының бірінде басталған. Салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, 10 адам ауруханаға жеткізілді. Келеңсіз жағдай салдарынан осы күре жол аумағындағы қозғалыс тоқтатылды.

Өрт сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар