Жапониядағы соңғы ядролық реактор жұмысын тоқтатады

АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 қыркүйекте Жапонияның оңтүстік шығысындағы «Ои» АЭС-інде соңғы ядролық реактор жұмысын тоқтатады.

Жапониядағы соңғы ядролық реактор жұмысын тоқтатады

Реакторға иелік ететін энергетикалық компания 2011 жылы апатқа ұшыраған «Фукусима» АЭС-індегі 50 реактордың ең соңғысы тоқтатылатынын хабарлады. АЭС-тегі апат жер сілкінісі кесірінен болған. Күшті цунамидің толқыны электр стансасын қиратып, мыңдаған тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген еді. Табиғи апаттан 16 мың адам қаза тапты.

Соңғы қырық жыл ішінде Жапония осымен үшінші рет ядролық жобаларын тоқтатып отыр. АЭС-тің қашан қайта іске қосылатыны белгісіз. Қоғамдық сауалнамалардың қорытындысы бойынша, Жапония тұрғындары АЭС-тің іске қосылғанын қаламайды, деп хабарлайды «Азаттық».