Жапониядағы сұрапыл апат құрбандарының саны 27650 адамға жетті
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Жапония Бас полицей басқармасы хабарлаған соңғы деректер бойынша, зілзала мен цунами салдарынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың саны 27650 адамға жетті.
Табиғи апат 12157 адамның өмірін қиса, 15 496 адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Мяги префектурасында апаттан қатты зардап шеккен құрбандардың саны 7431 адамға жеттi, ал оған көрші жатқан Иватэ және Фукусима префектурасында сәйкесiнше 3540 және 1126 тұрғын қаза тапты. Хонсю аралының осы және өзге де жағалаулық аудандарының 20 мыңға жуық ғимараттары түгелімен қирап, алып цунами толқыны 1165 үйді мұхитқа көшіріп әкеткен, 200-ге жуық үй қожалықтары жанып кетті.