Жапониядағы тасқын: Кагосиманың 595 мың тұрғыны шұғыл эвакуацияланбақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кагосима қаласының барлық тұрғындары - 595 мың адам сәрсенбі күні сырғыма мен су тасқыны қаупіне байланысты шұғыл эвакуациялау туралы нұсқау алды. Бұған осы ауданда толассыз жауған жаңбыр себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды NHK.

Жапониядағы тасқын:  Кагосиманың 595 мың тұрғыны шұғыл эвакуацияланбақ

Әкімшілік хабарлағандай, қалада адамдардың өміріне қауіп төніп тұр. Оларға биік жерлерде орналасқан мектептер мен муниципалдық мекемелерге бару ұсынылған.

Ұлттық метеорологиялық басқарманың дерегі бойынша, Кагосима қаласында бір тәулікте 900 мм жауын-шашын түсуі мүмкін.

Жапонияның оңтүстік-батысында апта соңына дейін жаңбыр жаууы ықтимал.