Жапониядағы "Томарин" атом электр стансасының соңғы реакторы сөндірілді

АСТАНА 6 мамыр. ҚазАқпарат - Жапония қырық жылдан бері тұңғыш рет атом қуатынан бас тартты,

Жапониядағы "Томарин" атом электр стансасының соңғы реакторы сөндірілді

деп хабарлайды Bak 7kz порталы.

 Хоккайдо префектурасында жұмыс істеп тұрған "Томарин" атом электр стансасының соңғы - үшінші реакторы  профилактикалық мақсатта сөндіріліп жатыр.

Ел үкіметі барлық атом реакторларының жер сілкінісі мен цунамиге төзімділігін байқау үшін қосымша тексеру бастаған еді. Бағдарлама "Фукусима-Дайичи" АЭС-індегі апаттан кейін қабылданды.

Бүгін Токиода АЭС-тен біржолата бас тартуды талап еткен мыңдаған адам шеру өткізді.

Жапониядағы тоқтатылған атом реакторлары жергілікті тұрғындар рұқсат етсе ғана қайтадан іске қосылады.