Жапониядағы жойқын жер сілкінісі Қазақстан экономикасына ықпал ете алмайды - Ұлттық банк төрағасы

АТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жапониядағы жойқын жер сілкінісі Қазақстан экономикасына ықпал ете алмайды.

Жапониядағы жойқын жер сілкінісі Қазақстан экономикасына ықпал ете алмайды - Ұлттық банк төрағасы

Оны Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Жапониядағы жер сілкінісінің шығыны әлі нақтыланған жоқ. Оның салдарын жоюға қомақты қаржы жұмсалуда. Бұл ел экономикасының қалпына келуі мен одан ары дамуына тың серпін беруі мүмкін», - дейді Григорий Марченко. Бас банкирдің айтуынша, Жапониядағы қазіргі ахуал Қазақстан экономикасына ықпал ете алмайды. Өйткені республикада ірі жапон инвесторлары жоқ. Жапон компаниялары негізінен экспортер. Сыртқы саудадағы Жапонияның үлесі өзге елдермен салыстырғанда төмен.