Жапонияға сұрапыл дауыл жақындап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сұрапыл «Нору» тайфуны солтүстік-шығысқа жылжып, жапондық Кюсю аралының оңтүстігіне жақындап келеді.  Жапондық метеорологиялық агенттіктің хабарламасына сәйкес аралға  тайфун жексенбіде жетеді.

 Жапонияға сұрапыл дауыл жақындап қалды

Тайфун өтіп жатқан Амами аралдары ауданында қазір сағатына 100 мм - нөсер жауын жауып жатыр.   

Синоптиктердің болжамынша, кей аудандарда жауын-шашын соңғы 50 жылда болмаған рекордты деңгейге жетуде. 

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Кагосима әуежайынан Кюсюген 80-нен астам рейсті кейінге қалдырды.

Синоптиктердің деректеріне сәйкес, таяу күндері тайфун солтүстік-шығысқа қарай баяу жылжи бермек. Осылайша келесі аптада ол жапондық Хонсю, оның ішінде Токиоға жетуі мүмкін.  

Фото: Global Look Press/Wang Haibin