07:25, 07 Шілде 2016 | GMT +5
Жапонияға жойқын дауыл келе жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы жаз маусымының аса алапат дауылы «Непартак» оңтүстіктегі Сакисима архипелагына жақындап қалды, - деп хабарлайды Жапонияның орталық метеорологиялық басқармасы.
Қазіргі уақытта тайфун Окинава префектурасынан теңіз бетінде сағатына 25 шақырыммен солтүстік-батысқа жылжуда. Тайфун орталығындағы қысым 900 гектопаскаль, желдің жылдамдығы 60 м/с, қатты соққанда - 85 м/с дейін жетеді, - деп жазды РИА Новости.
Бейсенбіден жұмаға қараған түні тайфун Сакисима архипелагына жақындайды деп күтілуде. Желдің күші 25 м/с, қатты соққанда - 35 м/с болуы мүмкін. Тайфун өзімен бірге нөсер жауын, дауылды жел әкеледі. Толқындардың биіктігі 9 метрге дейін көтерілуі мүмкін.