Жапонияға жойқын дауыл төнді
ТОКИО. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Тамыздың 10-ында, дүйсенбі күні Жапонияның батысында шелектеп жауған нөсер жауынның салдарынан төрт адам мерт болды және кемі 11 адам із-түзсіз жоғалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Хонсю аралына төніп келген «Этау» дауылы нөсер жауын әкелді. Үш кісі - екі ер және бір әйел адам - Хиого маңында қаза тапты. Көрші Окаямада 68 жасар жергілікті кейуана топырақ көшкінінің құрбаны болды. Жапонияның Метеорология қызметінің болжамы бойыншы таяу арадағы тәулікте Хонсюге 25 сантиметр ылғал түседі.