Жапониялық биатлоншы На. Дзундзи ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей сын жарысында Азиада ойындарының чемпионы атанды
Бүгін Алматы обылысының "Солдат" шаңғы-биатлон стадионында өткен жарыста Нагаи Дзундзи мәре сызығын 1 сағат 41,2 скундта қиып өтті. Ол екі атыс алаңында түрегеп тұрып ату кезінде нысананы бір-бір мәртеден дәл көздей алмады. Чемпионнан 1 минут 12,8 секунд қалып қойған Қытай спортшысы Жень Лон (Ren Long) күміс жүлдегер атанды. Қола медальді тағы бір қытайлық биатлоншы Ли Чжонхай (Li Zhonghai) иеленді. Ол жеңімпазға 2 минут 13,1 секунд ұтылып қалды.
Айта кетейік, бүгінгі жарыта қазақстандық биатлоншылардың ішінен ең үздік нәтижені Николай Брайченко көрсетті. Ол көмбеге алтыншы болып келді. Ал осы 7-Қысқы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған жерлесіміз Александр Червяков бұл жолы жетінші орынды місе тұтты. Естеріңізге салайық, Червяков 1 ақпан күні өткен ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринттік жарыста жеңіпаз атанса, одан кейін 2 ақпанда болған ерлер арасындағы 12,5 шақырымдың ізге түсу жарысында Қазақстан қоржынына алтын медаль салған болатын.