Жапониялық кит аулаушылар «аңшылыққа» шықты

Жапониялық кит аулаушы кемелер кит аулау үшін Антарктикаға аттанды, деп хабарлады epochtimes.ru.
None
None

Экспедицияға «Нишин Маару» деп аталатын су сыйымдылығы сегіз мың тоннаны құрайтын кеме мен үш шағын кит аулау кемесі аттанды, деп хабарлады BBС.

Халықаралық қоғамдастықтың наразылығына байланысты жапониялық билік киттерді аулауға шектеу қоятын бағдарлама құрастырды. Үш ай ішінде команда 333 китті ауламақ.

Өткен жылдың наурыз айында БҰҰ халықаралық соты Жапонияны киттерді аулауды уақытша тоқтатуды міндеттеді. Алайда өткен аптада Жапонияның балық аулау агенттігі киттерді аулауға қайта кірісуге ниетті екенін жариялады. Дегенмен санына шектеу қойылмақ. Жапониялық сарапшылардың пікірінше, жылына 333 китті аулау олардың таралымына әсер етпейді.

Соңғы жаңалықтар