Жапониялық мессенджер стикерден бір жылда $270 млн пайда тапқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азияда кең тараған жапондық Line мессенджері мерчендайз арқылы ақша таба біледі: өз жапсырмаларындағы кейіпкерлер бейнеленген жейделерді, ойыншықтарды сатады. Алайда бұл компания табысының негізгі көзі емес. Қосымшада стикерлер жиынтығын сатудан $270 млн кіріс кірді.

Жапониялық мессенджер стикерден бір жылда $270 млн пайда тапқан

Қосымшада Азия әлеміндегі мәдениеттің қызықты оқиғаларынан сыр шертетін стикерлер жиі пайда болады. Бұл Жапониядағы қазіргі кезде кең таралған аниме, жергілікті әнші қыздар топтарының және голливуд блокбастерлерінің негізінде жасалған стикерлер болуы мүмкін, деп жазды PhoneArena.

Line құрастырушылары апта сайын оның пайдаланушылары бір-біріне  389 млн стикер жіберетінін айтты. Әдетте стикерлердің бір жиынтығының құны $1-2 шамасында болады.