Жапонияның Қорғаныс министрлігі ЖИ қолдануды насихаттайды

АСТАНА. KAZINFORM – Сейсенбіде Жапонияның Қорғаныс министрлігі жасанды интеллектті қолдануды алға жылжыту бойынша алғашқы негізгі саясатын ұсынды. Бұл қадам технологиялық жетістіктерге байланысты қорғаныс операцияларындағы өзгерістерге бейімделуге бағытталған, деп хабарлайды Kyodo News ақпарат агенттігі. 

Министерство обороны Японии продвигает использование ИИ
Фото: freepik.com

Жоспар министрлік қызметін оңтайландыруға бағытталған және жеті салаға, соның ішінде әскери нысандарды анықтау мен сәйкестендіруге, командование мен басқаруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге бағытталған. 

Шетел мемлекеттерінің ЖИ қолдану бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өткен үкімет құжатында ЖИ «жақын болашақта қақтығыстардағы жағдайды анықтай алады» деп мәлімдейді. 

ЖИ-ды қолдану сондай-ақ жауынгерлік әрекеттердің жылдамдығын жақсартады, адамдық фактор әсерін азайтады және автоматтандыру арқылы тиімділікті арттырады.

Басқа маңызды салаларға барлау мәліметтерін жинау және талдау, ұшқышсыз қорғаныс жүйелері, киберқауіпсіздік және операциялық тиімділік кіреді. 

Атап өтілгендей, ЖИ-дың шектеулері бар, әсіресе бұрын-соңды болмаған жағдайларда, өйткені ол бұрынғы деректерден үйренеді. 

Баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрі Минору Кихара Жапонияның ЖИ және кибертехнологияларды пайдалана отырып «соғыстың жаңа түрлеріне» бейімделуі елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлкен қиындық тудырғанын айтты.

«Біз жекеменшік сектормен және тиісті шетелдік агенттіктермен ынтымақтастықты тереңдетеміз», - деді Кихара.