Жапонияның үкімет құрамында ауыс-түйіс болады

АСТАНА. KAZINFORM — Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити жоспарлаған үкіметтегі кадрлық өзгерістер 17 қыркүйекте өтеді. Ал келесі күні биліктегі Либералдық-демократиялық партияның басшылығында өзгерістер болады, деп хабарлайды ТАСС.

Японияда байроқни таҳқирлашни тақиқловчи қонун кучга кирди
Фото: Kyodo

Соңғы мәліметтерге сәйкес, үкімет құрамына алғаш рет Тосихару Фурукава кіруі мүмкін. Ал Либералдық-демократиялық партияда парламентпен жұмыс жөніндегі комитет төрағасы қызметін Хидэки Мураи атқаруы ықтимал.

Қазіргі үкіметтегі көптеген басшы қызметтерін сақтап қалады деп күтіледі. Олардың қатарында партияны іс жүзінде басқаруда маңызды рөл атқаратын ЛДП бас хатшысы Сюнъити Судзуки де бар. Ол либерал-демократтар арасында ықпалы зор Таро Асоның әйелінің ағасы. Асо 2025 жылы Такаитидің партия жетекшісі әрі премьер-министр болып сайлануына белсенді түрде қолдау көрсеткен. Оның қолдауы Такаитиге 2027 жылғы сайлауда да қажет.

Бұған дейін хабарланғандай, Такаити 2025 жылғы алдыңғы сайлауда өзіне бәсекелес болған саясаткерлерді жоғары лауазымдарда қалдыруды көздеп отыр. Олардың қатарында Қорғаныс министрі Синдзиро Коидзуми, Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги, Әкімшілік істер және коммуникациялар министрі Ёсимаса Хаяси және ЛДП саяси кеңесінің төрағасы Такаюки Кобаяси бар.

Олар 2027 жылы қазіргі премьер-министрге елеулі бәсекелестік таныта алады. Алайда сарапшылардың пікірінше, бұрынғы қарсыластарын партия басшылығында қалдыру олардың әрекетін шектеуі мүмкін. Тіпті бұл Такаитидің баламасыз негізде қайта сайлануына әкелуі ықтимал.

Айта кетейік, бұған дейін Жапония валюта бағамын ұстап тұруға екі айда рекордтық 15,4 трлн иена жұмсағанын жазғанбыз.