Жапонияның Атами қаласында көшкін жүріп, 20 адам із-түзсіз жоғалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні көшкін жүрген Жапонияның Сидзоука префектурасындағы Атами қаласында кем дегенде екі адам қайтыс болып, 20 адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияның Атами қаласында көшкін жүріп, 20 адам із-түзсіз жоғалды

Табиғи апат салдарынан 10 үй қирап, электр тарату сымдарына зақым келді.

Оқиға орнына өзін-өзі қорғау күштерінің құтқарушылары мен сарбаздары жетті.

Іздеу жұмысы жүріп жатыр. Жапония үкіметінің жанында ақпарат жинау бойынша жедел штаб құрылды.

Жапонияның орталық және шығыс бөліктерінде бірнеше күн бойы нөсер жаңбыр құйып тұр.

Бөлек аудандарда соңғы екі тәулікте 400-600 мм жауын-шашын болды.

Сидзуока, Канагава және Тиба префектураларының кей жерлерінің тұрғындарына ойпаттық аудандардағы су тасқыны қаупінен эвакуациялау туралы өкім шығарылды.