Жапонияның болашақ премьері Обаманы Бушпен шатастырды

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жапонияның болашақ Премьер-Министрі Синдзо Абэ

Жапонияның болашақ премьері Обаманы Бушпен шатастырды

АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін журналистерге берген сұхбатында Барак Обаманы қателесіп Джордж Буш деп атады. Бұл жайында Утро.ру халықаралық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Мұндай қателікке жол берілуі түсінікті де. Өйткені Абэ 2006-2007 жылдары Жапония үкіметінің басшысы, ал кіші Джордж Буш сол кезде АҚШ Президенті болатын. Абэ шалыс басқанын алдыңғы қатарда отырған журналистер күле бастағаннан кейін бірден түсініп, қателігін түзеді.

Қаңтар айында ресми түрде Жапонияның Премьер-Министрі лауазымына кірісетін ол 26 желтоқсан күні Вашингтонға ресми сапармен баруы тиіс.

Бүгінгі әңгімелеу барысында тараптар қаңтардағы кездесу барысында Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты арадағы қарым-қатынастарды және американдық жаяу теңіз әскерінің авиабазасын жапондық Окинава әкімшілік бөлігіне ауыстыру мәселесін талқылауға келісті.