Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалды

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жұма күні таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге белгісіз біреу қастандық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Либерал-демократиялық партияның бұрынғы басшысы жарақат алғаны хабарланып отыр.

Жапонияның халықаралық NHK телеарнасының хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны аясында елдің батысындағы Нара префектурасына келіп, халық алдында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге белгісіз біреу оқ атқан. Экс-премьер денесіне оқ тиіп, сол мезетте жерге құлап түскен .

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған.

Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, бұрынғы премьер-министр ауруханаға жеткізілді.

Полицияның ақпаратына сәйкес, күдікті оқиға орнында қамауға алынған. Ол шамамен 40 жастағы ер адам.



Соңғы жаңалықтар