Жапонияның «Фукусима-1» АЭС-інде радиоактивті су сыртқа ақты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық мамандар апатты "Фукусима-1" АЭС аумағында жер үстінде орналасқан сұйықтық сақтайтын қоймадан радиоактивті заттардың жоғары мөлшері бар судың ағып кеткенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияның «Фукусима-1» АЭС-інде радиоактивті су сыртқа ақты

Стансы операторы Tokyo Electric Power (TEPCO) компаниясынан мәлім еткендей, аққан сұйықтық көлемі 32 литрді, ал ондағы бета-сәулелегіш заттардың құрамы 1 литр суға 590 мың беккерельді құрады. Теңізге жіберуге рұқсат етілетін негізгі норма 1 литр суға 150 беккерель. Апат салдарын жою үшін TEPCO қызметкерлері радиоактивті сұйықтықтың бір бөлігін су қоймаларының бірінен екіншісіне айдаған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Фукусима-1" аумағында радиоактивті сұйықтықтың ағуы мен жерасты суларының зақымдануының алдын алу үшін топырақты қатыру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік бюджеттен бағдарламаға 32 млрд. иена көлемінде (шамамен $318 млн) қаржы бөлінді. "Фукусима-1" АЭС-те апат 2011 жылы наурыз айында орын алған еді. Цунами салдарынан стансының энергия және салқындату жүйелері істен шыққан болатын.