Жапонияның Хонсю аралының шығыс жағалауында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жапонияның Хонсю аралының шығыс жағалауында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды РБК.

Жапонияның Хонсю аралының шығыс жағалауында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болды

АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жерасты дүмпулері теңізде 58,3 км тереңдікте тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Иваки қаласынан солтүстікке қарай 26 шақырым, Китаибараки қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 шақырым жерде орналасқан.

Зардап шеккендер мен бұзылған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ.

Еске сала кетейік, 2011 жылдың наурызында Жапонияның осы ауданында магнитудасы 9,0 жер сілкінісі, одан кейін цунами болған еді. Табиғи апат 20 мың адамның өмірін қиды. Сондай-ақ соның салдарынан «Фукусима-1» атомдық электр стансасында апат орын алды.