Жапонияның Кобе қаласында жарылыс болды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Жапонияның Кобе қаласы орталығындағы Мотомати темір жол стасасының жанында жарылыс болды. 20-30 жас аралығындағы екі қызметкер зардап шекті.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша 12:40-та қала орталығындағы Мотомати стансасына жақын жерде орын алды, деп хабарлады РИА Новости.
Жарылыс себебі анықталып жатыр, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.