Жапонияның Қытай кемесін басып алуы - Қытайдың аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне ашық қарсы шығуы
Бұл туралы сәрсенбі күні Бейжіңде ҚХР СІМ ресми өкілі Цзян Юй мәлім етті.
Осылайша дипломат журналистердің сұрауы бойынша жапондық үкімет қытай капитанына қатысты оқиғаға байсалды түрде қарап, оны қарау барысында ішкі заңдарды пайдалануын жалғастыру туралы айтқан Жапония мәлімдемесін түсіндіріп өтті.
Цзян Юй атап өткендей, Дяоюйдао аралы ежелден бері Қытай аумағы болып табылады. Жапонияның қытайлық балық аулау кемесін Дяоюйдао аралындағы теңіз аквааумағында заңсыз басып алуы «Қытай аумағының тұтастығы мен тәуелсіздігіне қол сұғушылық пен ашықтан ашық қарсы шығу болып табылады».
«Егер де Жапонияны Қытаймен қарым-қатынасы алаңдататын болса, мемлекетаралық қарым-қатынасқа жаңа зардаптарын тигізбеу үшін қателікті тез арада түзетіп, қытай капитанын еш қарсылықсыз босатуы керек», - деп атап өтті Қытайдың сыртқы саяси ведомствосының өкілі.