Жапонияның мемлекеттiк қарызы 1 квадриллион иеннен асып кеттi
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Жапонияның Қаржы министрлiгi елдiң мемлекеттiк қарызы 1 квадриллион иен немесе 1000 триллион иеннен асып жығылғанын мәлiм еттi. Бұл шамамен $10,4 триллион, деп хабарлайды NHK телеарнасы.
Жұма күнi ведомствомен жария етiлген мәлiметтердi ескерсек, әрбiр жапон азаматының мойнында 7 млн. 920 мың иен немесе 82 мың АҚШ доллары қарыз тұр деуге болады.
Жапон үкiметi алдағы уақытта фискалды саясатты қайта жаңғыртудан өткiзетiн болады. Оны жүзеге асыруға ел премьер-министрi Синдзо Абэ және оның министрлер кабинетi мақұлдап отыр.