10:13, 17 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Жапонияның министрлер кабинеті отставкаға кетті
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Жапонияның министрлер кабинеті отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

Ел премьері Наото Канның әкімшілігіне сілтеме жасап Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жапон үкіметінің мүшелері министрлер кабинетіндегі үлкен ротациялық жоспарларға сәйкес өз қызметтерінен кету туралы шешім қабылдап отыр. Н.Канның айтуынша, жапон премьері тиімді жұмыс істеу үшін «жақсы команда» жасақтауы керек.
Жапонияның сыртқы істер министрі Кацуя Окада елдің Демократиялық партиясының бас хатшысы болу мақсатында, министр қызметінен кету туралы шешім қабылдап отыр. Бейресми мәліметтер бойынша, оның орнына қазір Жапонияның көлік министрі болып табылатын Сейджи Маэхара барады деп күтілуде.