Жапонияның Министрлер кабинетi отставкаға кеттi
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Жапонияның Министрлер кабинетi толық құраммен отставкаға кеттi. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Токиодағы ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп мәлім етті ИТАР-ТАСС.
Түскен мәлiметтер бойынша, Жапония Үкіметінің отставкасы Премьер-министр Наото Канға алдағы дүйсенбі күні өтуі мүмкін үкімет мүшелерін қайта құруға мүмкіндік беріп отыр.
Бас хатшы Есито Сэнгоку мен көлік министрі Сумио Мабути бұрынғы кабинеттегі өз қызметінен айырылды. Оларды отставкаға кетуге осы айдағы парламент сессиясында бойкот жасаймыз деп сес көрсеткен оппозиция мәжбүрлеп отыр.