Жапонияның оңтүстігінде «Вонгфонг» дауылы тұрып, барлық әуе рейстер тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның оңтүстігіне «Вонгфонг» даулы тап берді. Окинаведе сағатына 200 шақырым жылдамдықпен қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр құйып тұр, деп хабарлады ВВС.
Бірнеше адам зардап шеккен. Аймаққа қатынайтын барлық әуе рейстері тоқтатылды. Ауа райы болжамы бойынша, дауыл дүйсенбі күні орталық және солтүстік Жапонияға жетеді.