Жапонияның оңтүстік-батысында балық аулау кемесі жоғалып кетті
ТОКИО. KYODO NEWS –ҚазАқпарат – Жапонияның жағажай күзеті елдің оңтүстік-батысында Эхимэ префектурасындағы порттан шыққан 6 экипаж мүшесі бар балық аулау кемесінің жоғалып кеткені туралы мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Су сыйымдылығы 199 тонна болатын кеме 23 желтоқсанда Миэ батыс префектурасындағы портқа келуі тиіс болатын. Бірақ сейсенбіде ол байланысқа шығуын тоқтатты. Жоғалған кемені іздеуге патрульдік ұшақтар мен жағалаудағы күзет кемелері жіберілді.