Жапонияның премьер-министрі Наото Кан отставкаға кетеді
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Жапонияның премьер-министрі Наото Кан 29 тамыздан кейін отставкаға кететінін мәлім етті,
деп хабарлайды Утро.ру.
Үкімет басшысы келесі дүйсенбі күнге жоспарлап отырған елді басқаратын Демократиялық партиядағы сайлау алдында осындай мәлімдеме жасады. Содан кейін көп ұзамай ел парламенті жаңа премьер-министрді сайлауы керек.